Астана қаласы әкімдігінің “Нәзір Төреқұлов атындағы №35 мектеп-лицей” ШЖҚ МКК Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының» 2 тарау 5 тармағы негізінде Қамқоршылық кеңесін қалыптастыру және оның құрамын құру туралы ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды.
Қамқоршылық кеңес Астана қаласы әкімдігінің “Нәзір Төреқұлов атындағы №35 мектеп-лицей” ШЖҚ МКК әрі қарай дамуына ықпал ету, материалдық-техникалық базасын күшейтуге, мектептің өзін-өзі басқару қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
Қамқоршылық кеңес құрамына шақырылады: жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер өкілдері, коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері, білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері.
Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына (ҚР БжҒМ 27.07.2017ж. №355 бұйрығы) сәйкес Қамқоршылық кеңес құрамына үміткерлердің ұсыныстарын күтеміз.
Ұсыныстар хабарлама шыққаннан кейінгі 10 күн ішінде қабылданады.
Байланыс телефондары: Қабылдау бөлімі тел/ факс: +7(7172)50-17-36
Мектеп директоры: Адилбекова Зауреш Ишанкуловна
Электрондық пошта: school_35_astana@mail.ru _____________________________________________________________________________________________________________________________________