Меню KDT


Астана қаласы әкімдігінің
«Нәзір Төреқұлов атындағы
№ 35 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК


ГКП на ПХВ «Школа-лицей №35
имени Назира Торекулова»
акимата города Астаны


 

 

1991 жылдың 1 қыркүйегінде Ленин көшесінде (қазіргі Абай даңғылы) тасталған үлкен көлдің орнында 1500 орындық жалпы білім беретін жаңа мектеп ашылды. Мектептің мекен жайы: Абай даңғылы 9/1.

Мектепте  45 оқу кабинеті,оқу залы бар кітапхана – 170 шаршы метр. Спорт залдары:алаңы 285 шаршы метр үлкен зал және алаңы 149,3 шаршы метр шағын зал. Мектеп аумағында орналасқан  спорт алаңында балалардың спортпен айналысуына,таза ауада ойын ойнауға барлық жағдайлар жасалған.150 орындық акт залы жалпы жиналыстар,мәдени іс-шаралар өткізуге,оқушылардың түрлі сайыстарда,жарыстарда белсенділік көрсетуіне өте ыңғайлы.Мектеп жаратылыстану – математикалық бағыт бойынша жұмыс істейді,ІТ сыныптары,биология-химиялық,биология-географиялық,физика-математикалық  сыныптары ашылды.

Мектептің 4 кабинеті толығымен интербелсенді құралдармен жабдықталды:биология,физика және химия,1-мультимедиялық кабинет.

3 информатика кабинетінде,№25кабинетте, технология шеберханаларында интербелсенді тақта  қойылған,хореография студиясы ашылды.

Қазіргі уақытта мектепте 1989 оқушы білім алады,сынып-комплектілер саны - 77. Сыныптардың орташа толымдығы 26 адам.

Мектепте 132 қызметкер жұмыс істейді, олардың ішінде  - 1 «Білім үздігі», 2 мұғалім «Ы.Алтынсарин» медалімен марапатталды.

Педагогикалық ұжымның сапалық құрамы:

а)жоғары білімді -124 адам, арнайы-орта – 8 адам

б) санаты:

-педагог шебер – 3 адам

-педагог-зерттеуші – 17 адам

-педагог-эксперт – 38 мұғалім

-педагог-модератор  30 мұғалім

Педагогикалық ұжым оқушылар білімінің сапасын жоғарылатуға, жоғары мотивациялы оқушыларға барлық жағдайлар жасалған. Мектептің тақырыбы: «Қазіргі заман талабына сай білім беру технологияларын қолдану арқылы білім сапасын жоғарылату». Педагогикалық ұжым «Білім беру мазмұнының жаңартылуы»  бойынша өткен курстарға толығымен қатысты.

2017-2018 оқу жылында мектеп рейтинг бойынша он ең үздік қала мектептерінің қатарында болды.

1999 жылы мектеп жанынан «Жастар» аула клубы ашылды,Астана қаласы бойынша аула клубтары арасында екі рет үздік деп бағаланды.Сонымен қатар хореографиялық ансамбль, театр үйірмесі, домбыра ансамблі, жас техниктер үйірмесі, тоқу, шахмат үйірмесі жұмыс істейді.

Пайдалы сілтемелер

Copyright © 2020 №35 мектеп-лицейі. Құрастырушы ЖШС "BenchMark Consulting"
© Барлық құқық қорғалған.

Присоединяйтесь к нам

Қазақстан Республикасы
Астана қаласы, Абай 9/1 ​
тел/факс: +7 (7172) 50-17-36
эл.пошта: mail@35.edu.kz​