Меню KDT


Астана қаласы әкімдігінің
«Нәзір Төреқұлов атындағы
№ 35 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК


ГКП на ПХВ «Школа-лицей №35
имени Назира Торекулова»
акимата города Астаны


Үздік брендбук (фирмалық стиль) жобасына байқауының шарттары

Жалпы ережелері

  1. Аталғанқағиданыңмақсаты– Нұр-СұлтанқаласыНәзір Төреқұлов атындағы№35 мектеп-лицейініңлоготипініңүздікбренд-бук (BrandBook) – (фирмалықстиль) байқауын (әріқарай-байқау) ұйымдастыружәнеөткізу.
  2. Логотип – ою-өрнектер, әріптер, суреттерменбіріктірілгенкөрнекінемесеауқымдыбелгі, әріптерденқұралғанграфикалықтаңбалардыңкезкелгенкомбинациясы (эмблема, сөздер, әріптер, сандар, көрнекіэлементтер, түстеркомбинациясы).

Байқаудың мақсаты мен міндеті

  1. Байқаудың мақсаты –Нұр-Сұлтан қаласы Нәзір Төреқұлов атындағы №35 мектеп-лицейі логотипін, брендбугін құру жөнінде үздік тұжырымдамалық жобаларды анықтау.
  2. Үздік деп танылған логотип іс-шараларда қолданылатын болады.
  3. Байқаудың міндеттері:

мектеп логотипін, брендбугін өңдеуге көп қатысушылардытарту;

бірегей логотип құру және өңдеу.

Байқаудың әкімшісі

Байқаудың әкімшісі «Нұр-Сұлтан қаласы Нәзір Төреқұлов атындағы №35 мектеп-лицейі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Байқауды өткізу орны

Байқауды өткізу орны –Нұр-Сұлтан қаласы, Абай даңғылы 9/1.

 Байқауды өткізу шарттары мен тәртібі

  1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы Нәзір Төреқұлов атындағы №35 мектеп-лицейі нәтижелерін жариялау үшін Байқаудың Сараптау комиссиясы бекітіледі (әрі қарай - Комиссия).
  2. Комиссия жұмысының басты нысаны отырыс болып табылады. Комиссия жұмысының әділдігін және ашықтығын қамтамасыз ету үшін оның отырысына тәуелсіз бақылаушылардың, яғни Комиссия отырыстарына Нұр-Сұлтан қаласы Нәзір Төреқұлов атындағы №35 мектеп-лицейі ата-аналарынақатысуға рұқсат етіледі.
  3. Комиссия келесі функцияларды жүзеге асырады:

байқау талаптарына сәйкес байқауға келіп түскен мәліметтерді бағалайды;

байқау жеңімпаздарын анықтайды;

байқау жеңімпазын марапаттау рәсімін жүргізеді.

  1. Байқау шешімі ашық дауыс беру арқылы қатысушы мүшелердің көпшілігімен қабылданады.
  2. Байқау мүшелері:

байқау ұсыныстарын талқылауға, қарастыруға және салыстыруға қатысады, сондай-ақ, байқау жеңімпазын анықтау туралы шешім қабылдауды қамтамасыз етеді;

байқауға ұсынылған барлық мәліметтермен танысуға құқылы;

байқау ұсыныстарын объективті түрде қарастыруға міндетті;

байқау жұмысын байқау міндеттері мен талаптарына сәйкес келмеген жағдайда тоқтатуға құқылы.

Жеңімпаздарды ынталандыру

Байқау нәтижелері бойынша Байқау жеңімпазын сыйақымен марапаттау туралы шешім қабылданады.

Байқаудың қатысушылары

  1. «Нұр-Сұлтан қаласы Нәзір Төреқұлов атындағы №35 мектеп-лицейі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, ата-аналары және оқушылары(әрі қарай - Қатысушы) Байқауға қатысуға жіберіледі.
  2. Әр Қатысушы 1-3 жұмыс көлемін тапсыра алады.
  3. Байқауға мынандай визуалды сәйкестендіру элементтерін қосып алғандағы байқау жұмыстары қатысуға рұқсат етіледі:

логотип – графикалық элементтер, түрлер (бейнелер), түсті шешімдер;

брендбук – фирмалық стильді қолдану жөніндегі басшылық.

  1. Комиссия өтінімнің жоғалуына немесе бүлінуіне, оның уақтылы келіп түспеуіне жауап бермейді.
  2. Уақтылы келіп түспеген немесе Байқау шарттарына сәйкес келмейтін және белгіленген талаптарды бұза отырып рәсімделген байқау материалдары Байқауға қатыстырылмайды.
  3. Байқауға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды және рецензияланбайды.
  4. Байқау қоғаммен тікелей қадағалануы үшін және Байқау туралы ақпаратқа объективті, ашық қол жеткізу мақсатында әлеуметтік желіде де жүргізіледі.
  5. Байқауға ұсынылған жұмыстарда басқа дизайн идеяларын (толық немесе жартылай) пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады. Аталған шартты қадаламаған жағдайда Байқауға қатыстырылмайды..

Байқау материалдарын ұсыну түрі мен мерзімі

  1. Байқау бір кезеңде өткізіледі.
  2. Байқауды өткізу мерзімі: 2021 жылдың 25қарашасымен  9желтоқсан (қоса алғанда) дейін.
  3. Байқау материалдарын жазбаша және баспа түрінде 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Абай даңғылы 9/1, мекен-жайы бойынша, 2021 жылдың 9 желтоқсансағат 17:00-ден кешіктірмей тапсыру қажет.

Телефондар: +7 (7172) 50-17-36, 8-747-152-83-67, 8-707-449-71-15, 8-778-940-36-85.

Қатысушыға жазбаша және электронды түрде расталған жағдайда ғана мәліметтер қабылданған болып есептеледі.

  1. Байқауға ұсынылған мәліметтер үлгісі:

жобалық мәліметтерді дайындау барысында қатысушыларға көркемдік авторлық мазмұндау еркіндігі беріледі;

байқау материалдары графикалық және сипаттама бөлімінен тұру қажет және қағаз нұсқасында орындалуы тиіс.

  1. Байқау материалдары мыналарды қамтуы тиіс:

1) графикалық бөлім (А4 немесе А3 форматындағы парақта орындалады);

2) логотиптің авторлық идеясының суреті;

3) көркемдік шешімдерін және идеясын безендіретін суреттер, сызбалар және эскиздер болады;

  1. dpi ден кем емес .jpeg форматында ұсынылады,

сурет көлемі электронды нұсқада 5 МБ-тан аспауы тиіс. Байқау шарттары бойынша Қатысушы Байқаудың графикалық мәліметтерін .cdr, .psd нұсқасында ұсынуы қажет.

Байқау жұмыстарына қойылатын басты талаптар

  1. Байқау жұмыстарына қойылатын техникалық талаптар:

байқау мақсаты мен тапсырмасын көрсететін көркемдік шешімнің мазмұны және идея түпнұсқалылығы;

бірегей, басқаларға ұқсамайтын, заманауи, ықшамды логотип;

түсті шешім (түсті, монохромды түрде қалпына келтіру мүмкіндігі);

техникалық талаптарға сәйкес келуі (көлемі өзгерген жағдайда оқу мүмкіндігінің сақталуы, барлық элементтер мен эстетикалардың түрлі түсті секілді монохромды нұсқаларындағы анықтығы).

  1. Өңдеп, ұсыну қажет:

мектеплоготипі – бірнемесеүшнұсқа;

брендбук – брендтіктұжырымдаманыңмәтіндіксипаттамасы, логотиптіңтүрлітүстішешімдеріжәнеоныәртүрлібеттердепайдалану.

  1. Брендбук мыналарды қамтуы тиіс:
  • логотип:тұжырымдама (сипаттама). Брендбуктың негізгі элементі ретінде логотиптің концептуалды сипаттамасы;

логотип идеологиясы;

логотиптің көзбен шолу арқылы шешімі;

логотипті жаңғырту шарты;

ауқымды кестенің көмегімен логотипті үлкейту/кішірейту шарты.

  • Логотиптің ұранмен үйлесіміндегі орналасу нұсқалары:

тік;

көлденең;

қабатты.

  1. Логотиптің үйлесіміндегі орналасу шекаралары (рұқсат етілген пропорциялар);
  • Логотиптің түсті гаммасы:

логотиптің негізгі түстерін анықтау;

рұқсат етілген қосымша түстерді анықтау.

  • Қаріп:

логотип және ұран үшін қаріпті іріктеу қаріпті қолдану шарты.

  1. Логотип пен ұранның орналасу қағидасы:

фирмалық киімдер, галстук, орамал, мойынорағыштар;

сувенирлік өнім – блокнот, қалам, пакет, саптыаяқ, сағаттар, белгілер;

  1. Суреттемелерді пайдалану қағидалары – графикалық суреттер мен фотолар. Фотоның көңіл-күйі, графикалық стиль, түсті палитралар).
  2. Логотиптің, қаріптердің, түсті гаммалардың нұсқалары қолдануға жол берілмейді.
  3. Логотипке қатысты басты талаптар:

суреттің графикалық файлы 500*500 пиксельден кем болмауы тиіс;

мәтін және мектеп логотипінің иллюстрациясы 2 тілде (қазақ, орыс тілінде) болуы қажет;

түсті шешім (түсті, монохромды, айқын орындауда қалпына келтіру мүмкіндігі).

Авторлық құқық

  1. Ерекше мүліктік авторлық және сабақтас құқықтар, әсіресе жеңімпаз логотипін пайдалануға, рұқсат беруге және жеңімпаз логотипіне тыйым салуға деген ерекше құқық білім беру мекемесіне беріледі.

Пайдалы сілтемелер

Copyright © 2020 №35 мектеп-лицейі. Құрастырушы ЖШС "BenchMark Consulting"
© Барлық құқық қорғалған.

Присоединяйтесь к нам

Қазақстан Республикасы
Астана қаласы, Абай 9/1 ​
тел/факс: +7 (7172) 50-17-36
эл.пошта: mail@35.edu.kz​