Меню KDT


Астана қаласы әкімдігінің
«Нәзір Төреқұлов атындағы
№ 35 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК


ГКП на ПХВ «Школа-лицей №35
имени Назира Торекулова»
акимата города Астаны


Жаңалықтар

«Эко Асар» марафоны. Акцияға «кезекші» сынып балалары қатысты.

23.09.2020
Просмотров: 310
«Эко Асар» марафоны шеңберінде 23 қыркүйек күні мектептің 4 «В» сынып оқушылары қоқыс қалдықтарын (макулатура, пластика) жинауға қатысты. Бұл акцияға «кезекші» сынып балалары қатысты. Сынып оқушыларымен ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) дұрыс бөлу, табиғатқа деген сүйіспеншілік таныту және табиғат байлықтарын тиімді пайдалану туралы арнайы сұхбат өткізілді. Балалар «Табиғат заңдары» тақырыбына дайындалған тұсаукесер материалдарын қарап,өздерінің байқағандары, алған әсерлері туралы ой бөлісті. Экологиялық мәдениет дегеніміз – осы заңдылықтарды білу және орындау.
Толығырақ >>

«Абайлаңыз балалар» атты жедел профилактикалық іс-шара

16.09.2020
Просмотров: 403
21.08.2020-18.09.2020 аралығында өтіп жатқан «Абайлаңыз балалар» атты жедел профилактикалық іс-шара аясында Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданының ПБ ЖПҚБ ЮПБ полиция аға лейтенанты А.Б.Байтугановтың және қатардағы полицей  Е.Б.Жүгінісов қатысуымен 1-4 сынып аралығындағы кезекші сынып  оқушыларна жол қауіпсіздік ережелері тақырыбында дәрістер оқылып профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Толығырақ >>

15.09.2020 күні мектебімізге әкімдік қызметкері мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері және еріктілерден құралған мониторингтік топ келді.

15.09.2020
Просмотров: 302
15.09.2020 күні мектебімізге әкімдік қызметкері мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері және еріктілерден құралған мониторингтік топ келді. Тексеру барысында ешқандай кемшіліктер анықталмады. N35 мектеп-лицейде кіреберісте дезинфекциялық барьер, санитайзерлер, әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін белгілер қойылған, жылжымалы жылукөрсеткіш (тепловизор), дезинфекциялаушы кілемшелер, қолданылған маскалар мен қолғаптарға арналған контейнер бар. Мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері, оқушылардың дене температураларын белгілеуге арналған тіркеу журналы жүргізіледі. Еске сала
Толығырақ >>

8 "Б" сыныбында Microsoft Teams платформасында «Отбасы-бақыт мекені» атты тәрбие сағаты өтті.

11.09.2020
Просмотров: 412
11.09.2020 күні 8 "Б" сыныбында Microsoft Teams платформасында «Отбасы-бақыт мекені» атты тәрбие сағаты өтті. Бұл тәрбие сағатының мақсаты оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін кеңейту, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу және оларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу. Сабақта оқушылар әр түрлі тапсырмаларды орындады. «Ой-толғау» кезеңінде оқушылар отбасы, жанұя, отбасы иесі деген ұғымдарға анықтама беріп, өз ойларын ортаға салды. Одан кейінгі кезекте «Мақал – сөздің мәйегі» деп аталатын тапсырмада оқушылар отбасы, жанұя
Толығырақ >>

БҮГІН ЕЛОРДАДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ «ӘДІЛДІККЕ ҮНДЕГЕН ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ» ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫМЕН БАСТАЛДЫ

01.09.2020
Просмотров: 325
Бүгін Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Білім күніне орайНұр-Сұлтан қаласының барлық оқу орындарында бірыңғай онлайн жалпы республикалық «Адалдық сағаты» өтуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік, парасаттылықжәне сенім сынды маңызды адамгершілік құндылықтарды дамыту. Онлайн-дәріс Тұран даласының ХІІ ғасырдағы ұлы ойшылы Қожа Ахмет Ясауидың адалдық қағидаларын түсіндіруге арналған. Түркі
Толығырақ >>

Елордалық 35 мектеп-лицейі оқушыларды Білім күнімен құттықтайды

01.09.2020
Просмотров: 350
Елордалық 35 мектеп-лицейі оқушыларды Білім күнімен құттықтайды. Жаңа оқу жылында жетістіктерге жетуге, жаңалықтар ашуға күш-жігер тілейді. Биылғы оқу жылы мектепте 2076 оқушы білім алады.2020-2021 оқу жылында қашықтықтан оқыту кезінде ұйымдастырылған кезекші сыныптарда 31 топ ашылды, онда 418 оқушы білім алады.
Толығырақ >>

1-сынып оқушылары І орын иегерлері

17.04.2020
Просмотров: 431
Мектебіміздің 1 А сынып оқушылары Дюсенхан Алихан, Жақсылық Мейіржан, Жақыпбек Зере, Маратқызы Райяна, Мылтыкбай Жанерке, Темір Айтмаганбет «ККО.KZ» веб-сайты ұйымдастырған математика пәнінен Республикалық онлайн олимпиадаға қатысып, аталған пәннен үздік білім көрсетіп, І орынды жеңіп алды. Осындай озат оқушыларға білім беріп, математика пәніне сүйіспеншіліктерін тәрбиелей алған ұстаз Төлебай Көгершін Балтабайқызы орталықтың алғыс хатымен марапатталды. Биылғы оқу жылының 4-тоқсанында еліміз бойынша қашықтықтан білім беріліп,
Толығырақ >>

ZERDELI республикалық дарынды оқушылар онлайн байқауынан І-дәрежелі диплом

13.04.2020
Просмотров: 440
ZERDELI республикалық дарынды оқушылар порталы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырған "Абай оқулары" атты онлайн байқауына  35 мектеп-лицейінің 3 "Ә" сынып оқушысы Оңғарбек Айша қатысып, шығармашылығы, алғырлығы, таланттылығы, Ұлы Абайға деген құрметі үшін 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы дегендей, мұғалімі Оразбекова Гүлсім Болатқызы да құрмет грамотасымен марапатталды.
Толығырақ >>

Кеше 29.02.2020. күні мектебіміздің «RoboMix», «Cyber R», «Cyber C» командалары Робо-олипиадаға қатысып 3-орынды иеленді

01.03.2020
Просмотров: 435
Кеше 29.02.2020. күні мектебіміздің «RoboMix», «Cyber R», «Cyber C» командалары №9 «Зерде» мектебінде өткен қалалық Робо-олипиадаға қатысты. Оқушыларымыз «Сумо-гранд», «мини-сумо», «следование по линии» бөлімдері бойынша өз роботтарын жарысқа қосты. Бадилов Ерлан, Кенесханов Алибек, Зияда Бауыржан берілген тапсырмалар бойынша өнер көрсетіп қаланың 35 мектебі арасынан сурылып алға шығып, командалық есепте 3 орынды иеленді. Жарыс жоғары деңгейде және өте тартысты өтті. Әр мектептен 3-6 қатысушыға дейін
Толығырақ >>

Пайдалы сілтемелер

Copyright © 2020 №35 мектеп-лицейі. Құрастырушы ЖШС "BenchMark Consulting"
© Барлық құқық қорғалған.

Присоединяйтесь к нам

Қазақстан Республикасы
Астана қаласы, Абай 9/1 ​
тел/факс: +7 (7172) 50-17-36
эл.пошта: mail@35.edu.kz​