Меню KDT


Астана қаласы әкімдігінің
«Нәзір Төреқұлов атындағы
№ 35 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК


ГКП на ПХВ «Школа-лицей №35
имени Назира Торекулова»
акимата города Астаны


Жаңалықтар

17-21 тамыз аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында «Kids EXPO. Балалар Әлемі» балаларға арналған тауарлар жәрмеңкесі өтеді!

08.08.2022
Просмотров: 243
17-21 тамыз аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында «Kids EXPO. Балалар Әлемі» балаларға арналған тауарлар жәрмеңкесі өтеді! 📚 ✅ «KIDS EXPO. Балалар Әлемі» жәрмеңкесінде ата-аналар балаларға қажеттінің бәрін: кеңсе тауарлары мен мектеп формасын, ойыншықтар мен дамыту ойындарын, киім мен аяқ киім сатып ала алады. Барлығы бір жерде және қолжетімді бағамен! Сондай-ақ ата-аналар мен балаларды қызықты шеберлік сыныптары, аниматорлармен ойындар, спорттық ойындар және ауқымды мәдени бағдарлама күтеді!🎉 Сіздерді және балаларыңызды күтеміз!<br
Толығырақ >>

«Нәзір Төреқұлов атындағы №35 мектеп-лицей» базасында «SHARE-іс-әрекеттегі зерттеу» халықаралық жобасының аясында семинар өткізілді

18.06.2022
Просмотров: 212
2022 жылғы 17 маусымда «Нәзір Төреқұлов атындағы №35 мектеп-лицей» базасында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, Білім беруді жаңғырту орталығының және Кембридж университетінің қолдауымен «SHARE – іс-әрекеттегі зерттеу» халықаралық жобасының аясында семинар өткізілді. Бұл семинарда «SHARE» жобасына қатысушы мектептердің 2 және 3 топтары осы жобаны жүзеге асыру бойынша өз жоспарларымен таныстырды. Семинар барысында ұстаздар жобаны жүзеге асыру бойынша жоспарларымен бөлісіп, барынша пікір алмасып, жан-жақты талқылауға салды. Ұстаздар талқылаулар нәтижесінде өз жоспарларына
Толығырақ >>

4 "В" сынып оқушысы Владислав Накоскин қалалық олимпиадада 2 орын алды

09.04.2022
Просмотров: 314
Бүгін №70 мектеп-лицейінде "Алтын сақа"математика олимпиадасына қатысқан оқушыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Н. Төреқұлов атындағы №35 мектеп - лицейінің 4 "В" сынып оқушысы Владислав Накоскин қалалық олимпиадада 2 орын алды . Оған 2 орын алғаны  үшін диплом және 5000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді. Біз Владислав үшін өте қуаныштымыз және оған оқуда сәттілік тілейміз!
Толығырақ >>

Тәуелсіздік сарайында спорттық би "Millennium cup" ашық турнирінде мектебіміздің оқушылар жүлделі орындарды иеленді.

12.12.2021
Просмотров: 303
Бүгін 12.12.2021 күні Нұр-Сұлтан қаласының Тәуелсіздік сарайында  спорттық би "Millennium cup" ашық  турнирі болып өтті. Оған еліміздің өзге аймақтарынанда қатысушылар келді. Атап айтар болсақ, Алматы,  Қарағанды, Ақтөбе, Көкшетау т.б. Осы сайысқа  Евгений Фёдорович пен Наталья Олеговна жаттықтыратын мектебіміздің оқушылары Қайсар, Назерке, Алексей, Лаура, Аяулым, Виктория үлкен додада бақ сынап жүлделі I, II, III - орындарды иеленді, дипломдармен және медальдарымен марапатталды . Осы үлкен жетістіктерімен Евгений Фёдоровичты және  Наталья Олеговнаны құттықтаймыз!
Толығырақ >>

Нұр-Сұлтан қаласы Н. Төреқұлов атындағы №35 мектеп-лицейінде информатика пәні мұғалімдері әріптестерімізге қолдау ретінде заман талабына сай қашықтықтан оқыту платформаларын үйретті

10.12.2021
Просмотров: 280
Нұр-Сұлтан қаласы Н. Төреқұлов атындағы №35 мектеп-лицейінде  информатика пәні мұғалімдері Абдрахманова Г. С,  Жилкайдарова А. Ж, Азатова Б.А, Жарқынбек Б.О еңбек жолдарын биылғы оқу жылынан бастап мектебімізде жалғастырып жатқан әріптестерімізге қолдау ретінде заман талабына сай қашықтықтан оқыту платформаларын, электронды журналды толтыру, әлеуметтік желілердің қосымшаларын қолдана білуді үйретіп,  әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Толығырақ >>

«Сарыарқа» ауданы мектептері арасында өткен «Мен еркін елдің ұланымын» атты эссе байқауында мектеп-лицейіміздің 8 «Б» сынып оқушысы Рамазанова Нұрайлы І дәрежелі Дипломмен марапатталды

10.12.2021
Просмотров: 300
Еркін елдің ұланымын! Мен қазақпын, ұланымын қазақтың,         Тәуелсізбін, егеменмін, азатпын.         Көк байрағым тұр көгімде желбіреп,        Алатаудай тауға өрлеген азатпен!               «Nur Otan» партиясы  және Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектептің ұйымдастыруымен  еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы мектептері арасында өткен
Толығырақ >>

«Авторлық бағдарламаны құрастыру» тақырыбында оқыту семинар өткізілді

27.11.2021
Просмотров: 243
  №35 мектеп-лицейінде айдың соңғы аптасы сенбі күні мектеп мұғалімдерінің кәсіби шыңдалу мақсатында тәжірибе алаңы ұйымдастырылады. Сондай күндердің бірі 23 қазан айында Амантаева М.О., Темірхан Д.О., Мищенко К.В., Крайникова .Г. мұғалімдер «Авторлық бағдарламаны құрастыру»  тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинарда авторлық бағдарламаның құрылымы қандай,  қазіргі білім саласында авторлық бағдарламалар қалай қоралады, бекітіледі  мазмұныныдағы сұрақтарға жауап берілді.
Толығырақ >>

Бүгін мектебімізде “Бейбіт күннің батыры” атты Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған тәрбие сағаты өтті.

23.11.2021
Просмотров: 287
Бүгін мектебімізде “Бейбіт күннің батыры” атты Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған тәрбие сағаты өтті. Іс-шараға жауапты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Арайлым Қыстаубайқызы. Кездесуге Желтоқсан оқиғасына қатысып, көзімен көрген куәгерлер Сания Асанқызы, журналист Тойбек Жұлдыз және Алпысбаев Байсағат сынды адамдар келді. Кездесу 9-сыныптар арасында ұйымдастырылды. Оқушылар сахналық қойылым әзірлеп, көкейдегі сұрақтарын қойды. Келген адамдар өздері басынан кешірген Желтоқсан оқиғасынан ой өрбітіп, әсерлі әңгіме, салихалы сұхбат жүргізді.
Толығырақ >>

Нұр-Сұлтан қаласы № 35 мектеп-лицейінің 11 “Ә” сынып оқушысы Тенизбай Батыр джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды! 🥇🥇🥇

09.11.2021
Просмотров: 252
Нұр-Сұлтан қаласы № 35 мектеп-лицейінің 11 “Ә” сынып оқушысы Тенизбай Батыр джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды! 🥇🥇🥇 Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтуде. Әлемдік додада Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Тенизбай Батыр жасөспірімдер арасында чемпион атанып, алтыннан алқа тақты. Батыр бұл спорт түрімен 7-сыныптан бастап айналысады. Көптеген жарыстарға, чемпионаттарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Бұған дейін, Алматы қаласында өткен Қазақстан чемпионатында 1-ші жүлделі орыннан көрініп, алтын медальға ие
Толығырақ >>

Пайдалы сілтемелер

Copyright © 2020 №35 мектеп-лицейі. Құрастырушы ЖШС "BenchMark Consulting"
© Барлық құқық қорғалған.

Присоединяйтесь к нам

Қазақстан Республикасы
Астана қаласы, Абай 9/1 ​
тел/факс: +7 (7172) 50-17-36
эл.пошта: mail@35.edu.kz​