«SHARE – ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚЫТУ МЕН БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ЖОҒАРТУ МАҚСАТЫНДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ЗЕРТТЕУ ҚОҒАМЫ»
«SHARE – ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚЫТУ МЕН БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ЖОҒАРТУ МАҚСАТЫНДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ЗЕРТТЕУ ҚОҒАМЫ» жобасы бойынша мектебіміздің бір топ мұғалімдері мектептің жаңартылған кітапханасында жиналды. Күн тәртібінде мектеп үйлестірушілері Сапарова А.Қ. және Шаймаханов Т., 2022-2023 оқу жылының қорытындысын шығарды. Кейін олар жобаның түп-тамырына: жобаның мақсаттарына, міндеттеріне және негізгі тұжырымдамаларына оралды. Мектеп волонтерлері үйлестірушілермен бірге 2023-2024 оқу жылына жобаны жоспарлауды бастады, жоспарлау барысында топ мүшелерінің рөлдері бөлініп, зерттеу жүргізу кестесі құрылды. Еске салайық, «SHARE- білім берудегі іс-әрекеттегі тәжірибені зерттеуге арналған мектептердің хабы» жобасы. Астана қаласы әкімдігі мен Кембридж университетінің білім беру факультеті арасындағы серіктестік жоба.
@share_astana
Просмотров: 219
Комментарии