Мектебіміздің 4, 6, 8, 9, 10 сынып оқушыларынан құралған құрама тобы Гүлдана Әліханқызының жетекшілігімен сахналық қойылымға қатысып ІІ-орын иеленді.
Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай елорда мектептері арасында өткен «Ел-бүгіншіл, менікі ертең үшін!» атты сайысына мектебіміздің 4, 6, 8, 9, 10 сынып оқушыларынан құралған құрама тобы Гүлдана Әліханқызының жетекшілігімен сахналық қойылымға қатысып ІІ-орын иеленді. Бекболат Диас- Ахмет Байтұрсынұлының рөлінде,
Какимова Аружан-музыкалық сүйемелдеушісі, Батырбек Асылхан-оқушы рөлінде.
Ахмет Байтұрсынұлының “Жұртыма”, “Қазақ салты”, “Екі Шыбын”, “Айна мен Маймыл” мысалдарындағы рөлдерді: Турганбай Шаһ-Сәнәм, Сапар Ерасыл, Шираз Нурлыжан, Жуматай Малика,
Оралбай Улдана, Шантаев Нариман, Ерланқызы Іңкәр сомдады.
Оқушыларымызды құттықтаймыз, ата-аналарына алғысымызды білдіре отырып, келешекте оқушыларымызды оданда жоғары белестерден көреміз деген ойдамыз.
Просмотров: 212
Комментарии