Елордалық № 35 мектеп-лицейі "Зияткерлік ұрпақ" жобасы аясындағы іс-шараларға қатысуда.
Елордалық № 35 мектеп-лицейі "Зияткерлік ұрпақ" жобасы аясындағы іс-шараларға қатысуда. 22 қазан күні мектептің акт залында қоғам белсендісі, "Қарашаңырақ" жобасының авторы Тұрар Саттарқызымен кездесу өтті. Тұрар Саттарқызы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі, сондай-ақ "Нұр Отан" партиясы астаналық филиалы жанындағы "Мирас" кеңесінің мүшесі болып табылады. Тұрар Саттарқызы 8-сынып оқушыларымен әңгімелесті. Кездесу барысында қоғам белсендісі жастар заманауи және білімді болуы керек деген пікірімен бөлісті. Кездесу барысында 8 сынып оқушылары сахналық қойылымдар қойды.
Просмотров: 339
Комментарии