Нұр-Сұлтан қаласы Білім Басқармасының қолдауымен мектептің 8, 9, 10 сынып оқушылары Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ-музыкалық-драма театрына барды.
14.10.2021 күні Нұр-Сұлтан қаласы Білім Басқармасының қолдауымен мектептің 8, 9, 10 сынып оқушылары Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ-музыкалық-драма театрына барды. Бұл күні мектеп оқушылары үшін С.Тұрғынбекұлының “Шәмші” элегиясы сахналанды.
⠀⠀ «Вальс королі» атанған ұлы композитордың ішкі жан дүниесін элегия авторлары ән арқылы жеткізуді мақсат еткен. Спектакльде Шәмші Қалдаяқовтың «Ақ маңдайлым», «Қайықта», «Кешікпей келем деп ең...», «Бақыт құшағында», «Сыған серенадасы», «Ана туралы жыр», «Теріскей», «Менің Қазақстаным» (Әнұран) әндері мен Естайдың «Құсни-Қорлан», А.Жұмашевтың «Аққу дастан» әндері орындалды. Сахна, хореография, бәрі үйлесімді қосылған біртұтас ұжымдық қойылым болды.
⠀⠀ Қойылымнан кейін оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, тілектерін білдірді.
Просмотров: 371
Комментарии