2021 жылдың 6-шы қыркүйегінде «№35 мектеп-лицей» КММ-нің 5-11 –ші сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Семей ядерлық сынақ полигонының жабылуына 30-жыл толуына арналған сынып сағаттары өтті.Сынып сағаттарының өткізілу мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілігінің маңыздылығы,барлық тұрғындардың ортақ үйі ретінде Қазақстан идеясын қалыптастыруды жалғастыру, оқушыларды патриотизмге, барлық ұлт пен дін өкілдеріне құрметпен қарауды, оқушыларға толеранттылық құндылықтарын сіңіруді жалғастыру.