1-қыркүйек – Білім күні. Елордалық №35 мектеп-лицейінің есігі жаңа оқу жылын бастау үшін қайта ашылды! Биыл біздің мектеп 30 -шы онжылдықта өз оқушыларын қарсы алды.Мектебімізге биыл 30 жыл!Бірінші сынып оқушылары үшін салтанатты жиында он бірінші сынып оқушылары олардың алғашқы оқулығы «Әліппені» тапсырды.Салтанатты жиынға құрметті қонақтар- мектептің алғашқы директоры Жақсылықова Айтжан Ілиясқызы, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы,жас ғалым Қуат Әмір шақырылды. Жиылыс мектеп алаңында, ашық аспан астында, санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып ұйымдастырылды.