Мектебімізде 7-сыныптардың арасында "Бұрымды қыз" арулар сайысы өтті.
Қазақ халқы "қыз" деген сөздің өзін әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың белгісі деп таныған және қыздың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген.
Осыған орай, мектебімізде 7-сыныптардың арасында "Бұрымды қыз" арулар сайысы өтті. Бұл сайыс 6 кезеңнен тұрды. "Эстетикалық талғам" деп аталатын алғашқы кезеңде қатысушы қыздардың киімі, шаштың өрімі, жүріс-тұрысы бағаланды. Екінші кезең таныстырудан кейін, "Қыздың көркі-шашы" деген бөлімде арулар басқа қыздарға шаш үлгісін жасап, қорғап, шашты күтіп өсірудің құпиясымен бөлісті. Одан кейінгі кезеңде қыздарымыз үйлерінен дайындап әкелген тағамдарын таныстырды.
"Ақыл тозбайтын тон, білім таусылмайтын кен"- демекші, сайыскерлердің білімдерін тексеру мақсатында "Зерделінің ойы озық" сұрақ-жауап айдары болды. Қыздар салт-дәстүр, әдебиет және тарихқа байланысты сұрақтарға жауап беріп, білімдерімен ерекшеленді. Сайыстың соңғы әрі шешуші кезеңінде қатысушылар ән айтып, би билеп, өлең оқып, қолдарынан келетін өнерлерін көрсетті.
Сондай-ақ аруларға жанкүйер болып, қолдап келген достары көрермендерге арнап "Балбырауын" күйін ойнап берді.
Әр кезеңнің ұпай сандарының қорытындысы бойынша, І орынды 7 "А" сынып оқушысы Мухамедиева Алтынай, ІІ орынды 7 "А" сынып оқушысы Тулеубаева Азиза, ІІІ орынды 7 "А" сынып оқушысы Маралова Аяулым жеңіп алды. Қалған қатысушы қыздар Рысқұлова Диляра 7 "А" сынып оқушысы "Өнерлі қыз", Идрисова Аружан 7 "К" сынып оқушысы "Ибалы қыз" және Жакупова Калима 7 "К" сынып оқушысы "Көрермен көзайымы" номинацияларымен марапатталды.
Аталған іс-шараны ағылшын тілі пәні мұғалімі Н. С. Нуркенова және математика пәні мұғалімі А. Ә. Ахметова ұйымдастырды.
Просмотров: 549
Комментарии