ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! Нәзір Төреқұлов атындағы №35 мектеп-лицей әкімшілігі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің және Астана қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 29 сәуірдегі №106-НҚ бұйрығына сәйкес, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық әдеп нормаларын сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында төмендегі әрекеттерге қатаң тыйым салынатынын хабарлайды: 🔹 Мектеп қажеттіліктеріне, жөндеу жұмыстарына, мерекелік іс-шараларға және өзге де мақсаттарға ата-аналардан ақша қаражатын жинауға; 🔹 Мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне және мектеп әкімшілігіне қандай да бір сыйлықтар ұсынуға; 🔹 Бітіруші сыныптарда (4, 9, 11 сыныптар) мейрамхана, кафе, ойын-сауық орталықтары және мектептен тыс орындарда салтанатты іс-шаралар ұйымдастыруға; 🔹 Әртүрлі агенттіктерді, аниматорларды және ақылы қызметтерді тартуға; 🔹 Автокөлік шерулерін ұйымдастыруға; 🔹 Емтихан және қорытынды аттестаттау кезеңінде қаржы жинауға қатаң тыйым салынады. Баршаңызды заң талаптарын, педагогикалық әдепті және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз.