Жаңа оқу жылының бастамасы қайырымдылықпен басталды. Қыркүйек айынан бастап қайырымды жандар көбейе түсуде. Осы жарты жылдықта аз қамтылған, көпбалалы, толық емес отбасыларға көптеген киім-кешектер мен азық-түліктер беруде.
Демеуші Аскерова Наталья Алексеевна асыраушысынан айырылған отбасыға, ерекше балалы отбасыға, аз қамтылған үш отбасыға азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Сондай-ақ мектеп ішінде қайырымды адамдар аз емес. Атап айтсақ Хамитжанов Олжас дене шынықтыру мұғалімі аз қамтыл –ған отбасыдан шыққан бір ер баланы толықтай 100.000 мыңнын көлемінде киім-кешекпен қамтамасыз етті. Және де Кундубаев Саин Салтуевич бастаған дене шынықтыру ұжымы өзара ақшалай қаражат жинап мұқтаж адамға жіберді.
Сонымен қатар Джанибекова Дана Елтаевна, Кенжаева Айгерим Исломбековна, Куйшенова Роза Каппаровна киім-кешектер аяқ киімдерін әкелді. Бізден көмек сұрап келген аналарға көрсетіп әркім өз қалағандарын алды.
Ата-ана арасынан көпбалалы әке Абильдаев Асылбек өз атынан үш отбасыны етпен қамтамасыз етті.
Қараша айында «Charity Wish Tree» қорынан телефон шалып Нұр-Сұлтан бойынша үш мектепті таңдаған екен соның бірі № 35 мекте-лицейі. 55 баланың аты-жөнін мекенжайын жібердік.