Мектебімізде 2024 жылдың 1 маусымынан бастап, алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерге "Балақай мектебі" ашылады. Оқыту қазақ және орыс тілінде жүргізіледі. Балақай мектебінің көмегімен бала шығармашылық қабілеттерін дамытып, ой өрісінің негізгі дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қоса балалардың сөйлеуінің, сурет салуының, жазуының үйренуіне бағытталады.
Құрметті ата –аналар! Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірден басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады Ата-аналар баланың құжаттарын электрондық үкіметтің egov.kz. веб – порталы арқылы тапсыра алады.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар: • Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан); ✅ • Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; ✅ • «Бала денсаулығының паспорты» 052-2/у нысанды анықтама ✅ • 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат; ✅ • 3*4 - 2 дана фотосурет Құжаттарды тапсыруға арналған 30 файлдан тұратын көк папка Қабылдау уақыты: дүйсенбі – жұма күндері, сағат 09.00-18.00 Үзіліс: 13,00-14,00 Демалыс: сенбі- жексенбі Онлайн өтініш берілгеннен кейін 24 сағаттың ішінде құжаттарды мектепке тапсыру қажет.
1-сыныпқа қабылдауға қажетті құжаттар тізімі
Бірінші сыныпқа қабылдау өтініші
Екі анықтама – 026/у(денсаулық паспорты)және 065/у (екпе картасы)