Үздік брендбук (фирмалық стиль) жобасына байқауының шарттары
Жалпы ережелері
- Аталғанқағиданыңмақсаты– Нұр-СұлтанқаласыНәзір Төреқұлов атындағы№35 мектеп-лицейініңлоготипініңүздікбренд-бук (BrandBook) – (фирмалықстиль) байқауын (әріқарай-байқау) ұйымдастыружәнеөткізу.
- Логотип – ою-өрнектер, әріптер, суреттерменбіріктірілгенкөрнекінемесеауқымдыбелгі, әріптерденқұралғанграфикалықтаңбалардыңкезкелгенкомбинациясы (эмблема, сөздер, әріптер, сандар, көрнекіэлементтер, түстеркомбинациясы).
Байқаудың мақсаты мен міндеті
- Байқаудың мақсаты –Нұр-Сұлтан қаласы Нәзір Төреқұлов атындағы №35 мектеп-лицейі логотипін, брендбугін құру жөнінде үздік тұжырымдамалық жобаларды анықтау.
- Үздік деп танылған логотип іс-шараларда қолданылатын болады.
- Байқаудың міндеттері:
мектеп логотипін, брендбугін өңдеуге көп қатысушылардытарту;
бірегей логотип құру және өңдеу.
Байқаудың әкімшісі
Байқаудың әкімшісі «Нұр-Сұлтан қаласы Нәзір Төреқұлов атындағы №35 мектеп-лицейі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Байқауды өткізу орны
Байқауды өткізу орны –Нұр-Сұлтан қаласы, Абай даңғылы 9/1.
Байқауды өткізу шарттары мен тәртібі
- Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы Нәзір Төреқұлов атындағы №35 мектеп-лицейі нәтижелерін жариялау үшін Байқаудың Сараптау комиссиясы бекітіледі (әрі қарай - Комиссия).
- Комиссия жұмысының басты нысаны отырыс болып табылады. Комиссия жұмысының әділдігін және ашықтығын қамтамасыз ету үшін оның отырысына тәуелсіз бақылаушылардың, яғни Комиссия отырыстарына Нұр-Сұлтан қаласы Нәзір Төреқұлов атындағы №35 мектеп-лицейі ата-аналарынақатысуға рұқсат етіледі.
- Комиссия келесі функцияларды жүзеге асырады:
байқау талаптарына сәйкес байқауға келіп түскен мәліметтерді бағалайды;
байқау жеңімпаздарын анықтайды;
байқау жеңімпазын марапаттау рәсімін жүргізеді.
- Байқау шешімі ашық дауыс беру арқылы қатысушы мүшелердің көпшілігімен қабылданады.
- Байқау мүшелері:
байқау ұсыныстарын талқылауға, қарастыруға және салыстыруға қатысады, сондай-ақ, байқау жеңімпазын анықтау туралы шешім қабылдауды қамтамасыз етеді;
байқауға ұсынылған барлық мәліметтермен танысуға құқылы;
байқау ұсыныстарын объективті түрде қарастыруға міндетті;
байқау жұмысын байқау міндеттері мен талаптарына сәйкес келмеген жағдайда тоқтатуға құқылы.
Жеңімпаздарды ынталандыру
Байқау нәтижелері бойынша Байқау жеңімпазын сыйақымен марапаттау туралы шешім қабылданады.
Байқаудың қатысушылары
- «Нұр-Сұлтан қаласы Нәзір Төреқұлов атындағы №35 мектеп-лицейі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, ата-аналары және оқушылары(әрі қарай - Қатысушы) Байқауға қатысуға жіберіледі.
- Әр Қатысушы 1-3 жұмыс көлемін тапсыра алады.
- Байқауға мынандай визуалды сәйкестендіру элементтерін қосып алғандағы байқау жұмыстары қатысуға рұқсат етіледі:
логотип – графикалық элементтер, түрлер (бейнелер), түсті шешімдер;
брендбук – фирмалық стильді қолдану жөніндегі басшылық.
- Комиссия өтінімнің жоғалуына немесе бүлінуіне, оның уақтылы келіп түспеуіне жауап бермейді.
- Уақтылы келіп түспеген немесе Байқау шарттарына сәйкес келмейтін және белгіленген талаптарды бұза отырып рәсімделген байқау материалдары Байқауға қатыстырылмайды.
- Байқауға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды және рецензияланбайды.
- Байқау қоғаммен тікелей қадағалануы үшін және Байқау туралы ақпаратқа объективті, ашық қол жеткізу мақсатында әлеуметтік желіде де жүргізіледі.
- Байқауға ұсынылған жұмыстарда басқа дизайн идеяларын (толық немесе жартылай) пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады. Аталған шартты қадаламаған жағдайда Байқауға қатыстырылмайды..
Байқау материалдарын ұсыну түрі мен мерзімі
- Байқау бір кезеңде өткізіледі.
- Байқауды өткізу мерзімі: 2021 жылдың 25қарашасымен 9желтоқсан (қоса алғанда) дейін.
- Байқау материалдарын жазбаша және баспа түрінде 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Абай даңғылы 9/1, мекен-жайы бойынша, 2021 жылдың 9 желтоқсансағат 17:00-ден кешіктірмей тапсыру қажет.
Телефондар: +7 (7172) 50-17-36, 8-747-152-83-67, 8-707-449-71-15, 8-778-940-36-85.
Қатысушыға жазбаша және электронды түрде расталған жағдайда ғана мәліметтер қабылданған болып есептеледі.
- Байқауға ұсынылған мәліметтер үлгісі:
жобалық мәліметтерді дайындау барысында қатысушыларға көркемдік авторлық мазмұндау еркіндігі беріледі;
байқау материалдары графикалық және сипаттама бөлімінен тұру қажет және қағаз нұсқасында орындалуы тиіс.
- Байқау материалдары мыналарды қамтуы тиіс:
1) графикалық бөлім (А4 немесе А3 форматындағы парақта орындалады);
2) логотиптің авторлық идеясының суреті;
3) көркемдік шешімдерін және идеясын безендіретін суреттер, сызбалар және эскиздер болады;
- dpi ден кем емес .jpeg форматында ұсынылады,
сурет көлемі электронды нұсқада 5 МБ-тан аспауы тиіс. Байқау шарттары бойынша Қатысушы Байқаудың графикалық мәліметтерін .cdr, .psd нұсқасында ұсынуы қажет.
Байқау жұмыстарына қойылатын басты талаптар
- Байқау жұмыстарына қойылатын техникалық талаптар:
байқау мақсаты мен тапсырмасын көрсететін көркемдік шешімнің мазмұны және идея түпнұсқалылығы;
бірегей, басқаларға ұқсамайтын, заманауи, ықшамды логотип;
түсті шешім (түсті, монохромды түрде қалпына келтіру мүмкіндігі);
техникалық талаптарға сәйкес келуі (көлемі өзгерген жағдайда оқу мүмкіндігінің сақталуы, барлық элементтер мен эстетикалардың түрлі түсті секілді монохромды нұсқаларындағы анықтығы).
- Өңдеп, ұсыну қажет:
мектеплоготипі – бірнемесеүшнұсқа;
брендбук – брендтіктұжырымдаманыңмәтіндіксипаттамасы, логотиптіңтүрлітүстішешімдеріжәнеоныәртүрлібеттердепайдалану.
- Брендбук мыналарды қамтуы тиіс:
- логотип:тұжырымдама (сипаттама). Брендбуктың негізгі элементі ретінде логотиптің концептуалды сипаттамасы;
логотип идеологиясы;
логотиптің көзбен шолу арқылы шешімі;
логотипті жаңғырту шарты;
ауқымды кестенің көмегімен логотипті үлкейту/кішірейту шарты.
- Логотиптің ұранмен үйлесіміндегі орналасу нұсқалары:
тік;
көлденең;
қабатты.
- Логотиптің үйлесіміндегі орналасу шекаралары (рұқсат етілген пропорциялар);
- Логотиптің түсті гаммасы:
логотиптің негізгі түстерін анықтау;
рұқсат етілген қосымша түстерді анықтау.
логотип және ұран үшін қаріпті іріктеу қаріпті қолдану шарты.
- Логотип пен ұранның орналасу қағидасы:
фирмалық киімдер, галстук, орамал, мойынорағыштар;
сувенирлік өнім – блокнот, қалам, пакет, саптыаяқ, сағаттар, белгілер;
- Суреттемелерді пайдалану қағидалары – графикалық суреттер мен фотолар. Фотоның көңіл-күйі, графикалық стиль, түсті палитралар).
- Логотиптің, қаріптердің, түсті гаммалардың нұсқалары қолдануға жол берілмейді.
- Логотипке қатысты басты талаптар:
суреттің графикалық файлы 500*500 пиксельден кем болмауы тиіс;
мәтін және мектеп логотипінің иллюстрациясы 2 тілде (қазақ, орыс тілінде) болуы қажет;
түсті шешім (түсті, монохромды, айқын орындауда қалпына келтіру мүмкіндігі).
Авторлық құқық
- Ерекше мүліктік авторлық және сабақтас құқықтар, әсіресе жеңімпаз логотипін пайдалануға, рұқсат беруге және жеңімпаз логотипіне тыйым салуға деген ерекше құқық білім беру мекемесіне беріледі.