Меню KDT


Астана қаласы әкімдігінің
«Нәзір Төреқұлов атындағы
№ 35 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК


ГКП на ПХВ «Школа-лицей №35
имени Назира Торекулова»
акимата города Астаны


Жаңалықтар

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының № 35 мектеп-лицейінде мектепішілік Сәкен оқулары байқауы өтті.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының № 35 мектеп-лицейінде мектепішілік Сәкен оқулары байқауы өтті. Байқау еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы, «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» аталған Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, ақынның шығармалары арқылы ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу, оқушылардың көркемсөз оқу шеберлігін дамыту, жас таланттарды қолдауды мақсат етті.
Оқушылар Сәкен Сейфуллиннің поэзиялық, прозалық туындыларын мәнерлеп оқып, әндерін нақышына келтіре шырқаудан сайысқа түсті. Байқауға 20 оқушы қатысты.
Ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқуға арналған «Сыр сандықты ашып қара» номинациясында І орынды 8 «Б» сынып оқушысы Рамазанова Нұрайлы иеленсе, прозалық шығармаларын көркемдеп оқу бойынша «Қазақты қазақ дейік» номинациясынан 11 «Ә» сынып оқушысы Тақтаболатова Қарақат І орынды еншіледі.
Ал Сәкен әндерін нақышына келтіре шырқаған бұлбұл үнді жас әнші, 10 «Ә» сынып оқушысы Жәдігерова Айзат болды.
Байқаудың өтілуіне қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Серікбаева Арайлым Қыстаубайқызы жауапты болды.



Просмотров: 239

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Пайдалы сілтемелер

Copyright © 2020 №35 мектеп-лицейі. Құрастырушы ЖШС "BenchMark Consulting"
© Барлық құқық қорғалған.

Присоединяйтесь к нам

Қазақстан Республикасы
Астана қаласы, Абай 9/1 ​
тел/факс: +7 (7172) 50-17-36
эл.пошта: mail@35.edu.kz​