Меню KDT


Астана қаласы әкімдігінің
«Нәзір Төреқұлов атындағы
№ 35 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК


ГКП на ПХВ «Школа-лицей №35
имени Назира Торекулова»
акимата города Астаны


Новости

2024 жылғы 25 қарашада мектебіміздің Share 3 тобының кезекті сессиясы өтті.

Сессия барысында Бритишам мектебінде өткен тағылымдамадан алған тәжірибеміздің негізінде зерттеудің әр қадамына қатысты әдебиеттерді оқу маңызын ескере отырып, зерттеуіміздің келесі қадамы сабақты бақылау әдісіне қатысты тағы бір әдебиетті оқуды шештік. Жиын барысында сабақты бақылауға қатысты барлық қажетті ақпараттарды оқып, талдадық және зерттеудің осы әдісін дифференциалды білім беру әдісімен ұштастырдық. Сабақты бақылау әдісінің ерекшеліктері мен осал тұстарын атап өттік және әр сабақты бақылау кезінде нені ескеруіміз қажеттігін талқыладық. Соған байланысты бақылау парағының формасын құрдық. Қорыта келе, барлығын тағы бір бөлшектеп зерттей келе, сабақты бақылау әдісін қолданып, зерттеу жүргізуге толығымен дайын болдық. Осыған орай, мүғалімдердің ұжымдасып, жұмыла жұмыс жасауының сабақтардың сапасын арттыруға және зерттеуді тиімді жүргізуге маңызы орасан зор екенін атап өткіміз келеді.




Просмотров: 49

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Copyright © 2020 Школа-лицей №35. Разработчик ТОО "BenchMark Consulting"
© Все права защищены.

Присоединяйтесь к нам

Республика Казахстан
г.Астана, пр.Абая 9/1 ​
тел/факс: +7 (7172) 50-17-36
эл.почта: mail@35.edu.kz