Меню KDT


Астана қаласы әкімдігінің
«Нәзір Төреқұлов атындағы
№ 35 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК


ГКП на ПХВ «Школа-лицей №35
имени Назира Торекулова»
акимата города Астаны


Новости

11 Наурыз күні №35 мектеп-лицейінің 2 "Д" сынып оқушылары қуыршақ театрына барды.

11 Наурыз күні №35 мектеп-лицейінің 2 "Д" сынып оқушылары қуыршақ театрына барды.
Балаларды қуыршақ театрының мейірімді қызметкерлері жылы қарсы алды.Олар өте мейірімді сиқыршылар болып көрінді, балаларға шуақты көңіл-күй сыйлап, оларды ерекше қуыршақ әлеміне апарды.Оқушылар қуыршақтың үстел, қолғап және толық көлемдегі түрлері бар екенін білді.Балалар әзілдесіп-қалжыңдасты, биледі, жұмбақтар шешті.
Содан кейін олар «Алдар көсе» туралы ертегі қойылымына шақырылды, Қазіргі заманғы технологиялық әлемде Алдар көсе өзінің қағидаларына адал болып қалатыны туралы ертегі заманауи түрде көрсетілді.Балалар актерлік шеберлікке қызығушылық танытты. Олар ертегі жақсылыққа, әділеттілікке, жомарттыққа үйрететінін, ержүрек және ақылды болу керектігін түсінді.


Просмотров: 640

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Copyright © 2020 Школа-лицей №35. Разработчик ТОО "BenchMark Consulting"
© Все права защищены.

Присоединяйтесь к нам

Республика Казахстан
г.Астана, пр.Абая 9/1 ​
тел/факс: +7 (7172) 50-17-36
эл.почта: mail@35.edu.kz